about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін кімдер скринингтен өте алады?

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеру тәуекел топтарына…

12, апреля 2023

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеру тәуекел топтарына жүргізіледі
1) медицина қызметкерлері:

• қанды өңдеуге қатысатын инвазивті процедураларды жүргізетін; гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;

• хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін профильдер;

• клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;

2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3) гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4) гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер;

5) жүкті әйелдер;

6) өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар.

 

Байланыстар

ШЖҚ «№11 қалалық емханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

Республика Казахстан 160000, г. Шымкент, проспект Республики, 12А

uzshymkent2018@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 50-19-46
Медициналық мекеменің байланыс орталығы